Қыркүйекте ауа райы қандай болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйекте ауа райы қандай болады © Николай Колесников

Қазақстанда қыркүйек айында жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қыркүйек айында жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар. 

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облысының басым аумағында, Қостанайдың кей жерлері мен Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның түсу мөлшері нормаға сәйкес болып, қалған аймақтарда нормадан төмен болады деген болжам жасалып отыр. 

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында жазғы жылы күндер  қайта оралған болатын. Тропосферада үстемдік жасап тұрған солтүстік желдер ақырындап оңтүстік батысқа ауысты. Солармен бірге Алдыңғы Азия аудандарынан, жылы тіпті ыстық ауа келіп жетті. Ауа температурасының анағұрлым көтерілуі еліміздің оңтүстігі мен батысында сезілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети