Қытай Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысатын болды ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ахан Бижанов пен ҚХР Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Цзоань. © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қытай Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 14-15 сәуірде Қытайға сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ахан Бижанов ҚХР Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Цзоаньмен өткен кездесуде Қытайдың діни бірлестіктеріне 2015 жылы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыру хаттарды табыс етті. Кездесуге Қытайдың Дао, Будда және Мұсылман қауымдастықтарының басшылары қатысты.

"Бижанов діни лидерлері қытайлық делегациясының Съездің жұмысына қатысуы Қытайдың дәстүрлі конфессияларының мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты жаһандық деңгейде белсене ілгерілетудегі игі жігері мен ықыласын көрсететінін атап өтті. Ван Цзоань V Съезге шақыруы үшін Қазақстанның басшылығына алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кездесу барысында Ван Цзоань Қытайдың діни бірлестіктерінің алдағы Съезге қатысатынын растағанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырылғаны хабарланған болатын. Ол кезде Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың форум жұмысына қатысуға шақыру туралы жеке жолдауын табыстау үшін Нью-Йоркқа іссапармен барды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети