Қытайда Назарбаев пен Путин ХҒС-ға жасалған жаңа экспедицияны талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда Назарбаев пен Путин ХҒС-ға жасалған жаңа экспедицияны талқылады © akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан Президентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында өтті. Мемлекеттердің басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі маңызды жайттарға қатысты ұстанымдарды қарастырды. 

Ресей президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев пен Путин құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар жаңа экипаждың Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы жайлы талқылады. 

"Мен Сізді құттықтаймын. Бұл біздің екіжақты қарым-қатынастарымызға ғана пайдасын әкеліп қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның өзінде космонавтиканың дамуына айтарлықтай ынтасы болады. Байқоңыр әлемдегі ең көп қолданылатын ғарыш айлағы екені жайлы айтқан сөзіміздің жаны бар", - деп атап өтті Ресей президенті. Мемлекеттердің басшылары экипажға сәттілік пен денсаулық тіледі. 

Еске салайық, бүгін, 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети