Қытайда жөндеуден қайтып келе жатқан Air Astana ұшағы ақау салдарынан қона алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда жөндеуден қайтып келе жатқан Air Astana ұшағы ақау салдарынан қона алмады © Тұрар Қазанғапов

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы кезекті рет келеңсіз жағдайға ұшырап отыр. Бүгін, 12 қазанда ұшақ шасси ақауынан жерге қона алмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметінен айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы кезекті рет келеңсіз жағдайға ұшырап отыр. Бүгін, 12 қазанда ұшақ шасси ақауынан жерге қона алмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметінен айтып берді. 

Ұшақ жақында ғана Қытайдың Самьян қаласындағы HAECO техникалық қызметінде С-сheck көлемінде жөндеуден өткенін атап өтейік. 

"Алматы уақытымен 08:00-де ұшып, шасси жиналғаннан кейін шасси жиналмағанын білдіретін индикация іске қосылды. Ұшаққа Алматыға қайтып келуге жететіндей етіп көп жанармай құйылғандықтан, жерге қонуға қажетті салмаққа дейін жету үшін жанармайды әуеде жұмсау керек болды. Сондықтан ұшақ Алматы әуежайының айналасында үш сағат айналып ұшып жүрді. Ұшақта екі ұшқыш және екі инженер болатын. Қазіргі кезде HAECO қызметкерлері ақауды анықтап жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болғанын атап өтейік. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети