Қыздары тастап кеткен алматылық зейнеткер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздары тастап кеткен алматылық зейнеткер қайтыс болды © КТК

Туған қыздары тастап кеткен алматылық зейнеткер Тұрсын Тоқтарбаев ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туған қыздары тастап кеткен алматылық зейнеткер Тұрсын Тоқтарбаев ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еске сала кетейік, осыған дейін 70 жастағы қарияның жартылай қираған үйде жалғыз өмір сүріп жатқаны хабарланған болатын. Зейнеткер ауырғаннан кейін лауазымды қызметтегі үш қызына керек болмай қалған. 21 шілдеде Тұрсын Тоқтарбаев ауруханаға жатқызылған еді.

Қарияның қайтыс болғанын бірінші көршілері білген. Телеарнаның айтуынша, қария қайтыс болғаннан кейін көршілерінің арасында жанжал болды. Сонымен қатар, оның туыстары да келді. Көршілерінің айтуынша, оның мүлкін қазір бөлісіп жатыр. Туыстары үйді сатқысы келеді. "Олар бізді жерге таласты деп айыптап отыр! Бізге біреудің мүлкі керек емес. Олар тіпті жылаған да жоқ. Әкелері емес па! Мен оны аяймын, ол мұндай өлімге лайық емес! Мұсылмандарға бұлай етуге болмайды. Мен қатты таңғалдым", - деді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Нағима Басжанова.

Зейнеткер мұсылман шарттарына орай жерленді. "Үнемі шындықты айту керек. Ол қыздарымен ұзақ уақыт көріскен жоқ. Бұған кінәлі де емес. Бұл үй оның бұрынғы әйеліне тиесілі, сонда да ол қарияға осында тұруға рұқсат берді. Адамдар бұл жағдайды талқыламай-ақ қойса деймін", - деді ауыл тұрғыны Жанжарық Кенесары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети