Қызметкердің ұялы телефонына бірлік салған әйел 500 мың теңге айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызметкердің ұялы телефонына бірлік салған әйел 500 мың теңге айыппұл төлейді

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөмеріне бірлік салғаны үшін пробациялық есепте тұрған азаматша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөмеріне бірлік салғаны үшін пробациялық есепте тұрған азаматша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қызылорда қаласында пробация бақылауында жүрген Т.Д. есімді азаматша қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заңға бойынша бұл заңсыз сыйақы болып табылады

Пробация қызметкері азаматшаның іс-әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік қызметіне баяндаған. Өз кезегінде, заңсыз сыйақы бойынша тиісті акті толтырылып, акт Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданады.

"Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы бергені үшінаталған азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттаматолтырылып, сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгіақша, бағалы қағаздар, мүлiкнемесе қызмет көрсетузаңсыз сыйақы болып табылатынын назарда ұстаған жөн. Ал, ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету 2 АЕК-тен асқан жағдайда ол пара болып табылады", - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында заңсыз сыйақы беру бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, 1414000 теңге айыппұл салынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети