Қызметтік көлігіне тонировка жасаған полицей жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызметтік көлігіне тонировка жасаған полицей жазаланды Фото ©Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында қызметтік көлігінің терезелеріне тонировка жасаған полицей жазаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында қызметтік көлігінің терезелеріне тонировка жасаған полицей жазаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция майорын тәртіптік жауапкершілікке тартуға қала тұрғынының шағымы себеп болған. 

Мамырдың басында Глубоковский ауданындағы Белоусовка ауылында жүргізушілердің бірі жолда терезелеріне тонировка жасалған полиция көлігін байқап қалған. 

"Бұл ашық болу қағидасына қарсы", - деп жазылған ШҚО әкіміне жазылған блогта. 

Тұрғынның шағымы қараусыз қалмады. 

"Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, шағымда көрсетілген деректер расталды. Глубоковский аудандық полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Б. қызметтік автокөлігінің артқы және қапталдағы терезелеріне тонировка пленкаларын жабыстырғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети