Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды ©Lada.kz

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Ол Жанарбек Бақтыбаевтың орнына келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Ол Жанарбек Бақтыбаевтың орнына келді.

"Қызылорда облысының ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.
Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Соңғы лауазымы - Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы. Жаңадан тағайындалған облыс полициясының басшысына Марат Демеуов оның іскери және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети