Қызылорда облысында 25 бала мектеп асханасынан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында 25 бала мектеп асханасынан уланып қалды Иллюстрация © fotorecept.ru

Қызылорда облысында 25 бала мектеп асханасынан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында 25 бала мектеп асханасынан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай улану оқиғасы 2018 жылы 18 мамырда Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында тіркелді, №192 орта мектептің 25 оқушысы уланды.

"Эпидемиологиялық тексеріс кезінде жаппай улануға пісірілген қарақұмық пен жұмыртқаның себеп болғаны анықталды. Тамақты ішкеннен кейін 2-3 сағат өткенде балалар клиникалық симптомдармен Келінтөбедегі дәрігерлік амбулатория мекемесіне медициналық көмек алу үшін барған, ол жерде оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, төрт бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Балалардың жағдайы тексеру кезінде орташа ауыр деп бағаланды, ішек инфекциясы анықталған - құсып, іштері өткен. Алдын ала қойылған диагноз - сальмонелладан туындаған токсикологиялық инфекция.

"Қазіргі таңда 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, олар үйлерінде, медициналық бақылауда. Бұл оқиғаға қатысты эпидемиологиялық қатаң зерттеу жүргізіліп, тамақтардың сынамасы алынып, айналадағы нысандар мен мектеп асханасында жұмыс істейтін қызметкерлер тексеріліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети