Қызылорда облысында алты әкімнің пара алғаны әшкере болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында алты әкімнің пара алғаны әшкере болған ©Tengrinews.kz

2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 6 әкім жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 6 әкім жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.

Аймақта өткен кездесу барысында, жергілікті атқарушы органдарда жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ұлттық бюроның өңірлік бөлімінің басшысы Бақытжан Ниязов сөз сөйледі. 

"Жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін ауылдық округтер мен елді мекендердің 6 әкімі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде ауылдық округтердің үш әкімінің пара алғаны, ал қалған үшеуінің қызмет бабында жалған құжат жасағаны әшкере болған", - деді ол.

Осыған қатысты Ниязов бірнеше мысал келтірді.

"Қазалы ауданы Басығара ауылдық округінің және Шиелі ауданының Гигант ауылдық округінің әкімдері, Қызылорда қаласының Белкөл ауылының әкімі жер телімін бергені үшін пара алса, Арал ауданы Жақсықылыш ауылының әкімі, Жаңақорған ауданының Шалқия және Төменарық ауылдарының әкімдері қызмет бабында жалған құжат жасаған", - деп мәлімдеді шенеунік. 

Осыған дейін, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге ескерту жасаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети