Қызылорда облысында құқық қорғау қызметіне алғаш қабылданатын азаматтарды тестілеуден өткізу тәртібі түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында құқық қорғау қызметіне алғаш қабылданатын азаматтарды тестілеуден өткізу тәртібі түсіндірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері аудандарды аралап, құқық қорғау органдарына алғаш қабылданатын азаматтарды тестілеуден өткізу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтағы 7 ауданда ұйымдастырылған семинарларға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысып, тестілеу қағидалары мен бағдарламалары, оның ұйымдастырылу барысымен танысты.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін қоса алғанда, уәкілетті органда тестілеуден өтеді.

Осы ретте, жыл басынан тестілеуге Қызылорда облысы бойынша 6 адам қатысып, оның 4 шекті мәннен асты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети