Қызылорда облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды Сеилбек Шаухаманов. © go11.kz

Қызылорда облысының бірінші әкімі өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының бірінші әкімі өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сейілбек Шаухаманов 79 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің ұзақ уақытын өзі туған жеріндегі қызметке арнаған. Сейілбек Шаухаманов 1939 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен кейін Алматы жоғары партия мектебінде оқыды.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Шиелі ауданында "Қазауылшаруатехникасы" бірлестігінде механик, инженер жетекшісі болып бастаған. Қатардағы инженерден облыстың бірінші басшысына дейін өскен. 1965-1991 жылдары Совет Одағының коммунистік партиясының бір мүшесі болған. Сонымен қатар, Жалағаш ауданының екінші хатшысы, Қызылорда облысы әкімшілігіннің бірінші басшысы жұмысын атқарған. 

1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығымен Қызылорда облысының бірінші әкімі болып сайланды. Кейін 1996-1998 жыл аралығында Сейілбек Шаухаманов ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. Зейнетке шыққаннан кейін, ол қоғамдық істермен айналысуын тоқтатпады. Өмірінің соңғы уақытына дейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети