Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Бүгін, қалалық оқушылар сарайында қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық мерекелік шарасы өтті. Ғажайып мереке биылғы жылы "Сиқырлы Жаңа жыл" тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа жылдық мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Ертеңгілік оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген ән мен бимен сүйемелденіп, "Малефисента" атты заманауы балалар ертегісіндегі кейіпкерлердің бірі Малефисента, Аврора және сиқырлы перизаттар Қызылорда қаласының сиқырлы әлеміне саяхат жасап, ақылды қаланың жетістіктеріне тамсанып, қаланың өзіне тән ерекшеліктерін бейнелеген көрініс тамашалады.

Ал, балғын балалар Жаңа жылдық шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды өз өнерлерімен тамсандырды.

Шарада балаларға жаңа жылдық тарту ретінде түрлі сыйлықтар (планшет, тәттілер, жұмсақ ойыншықтар) табысталып, қала әкімі балаларға арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді.

Шара соңында, барлық қатысушы бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татты. Осылайша, балғын балалар Жаңа 2020 жылға ерекше көңіл күймен қадам жасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети