Қызылордада 172 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 172 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты ©xn--80aaib3cgnl.su

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мән беріліп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыста еңбек етуге жарамды 3316 мүгедек жан бар. Солардың 500-ден астамы жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс сұрап хабарласқан. Өтініш білдіргендердің 172-і тұрақты жұмысқа орналасса, 208-і қоғамдық жұмыстарға, 43-і кәсіптік оқытуға, 19-ы жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіле бастады. Алғашқысы Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 48 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көбісінің мамандығы жоқ. Осының салдарынан оларға жұмыс табу қиынға соғып тұр. Алдағы уақытта бұл мәселе де басты назарда болады. Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 17 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. «Жол картасы» аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасы мен №11 мектепте құлағы нашар еститін балаларға инклюзивті топ пен сынып ашылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети