Қызылордада медициналық колледждің 16 жастағы студентінің өлімі тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада медициналық колледждің 16 жастағы студентінің өлімі тергеліп жатыр Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Қызылордада медициналық колледждің 16 жастағы бірінші курс студентінің өлімі тергеліп жатыр. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қызылордада медициналық колледждің 16 жастағы бірінші курс студентінің өлімі тергеліп жатыр. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жасөспірімнің колледж жатақханасында қаза тапқаны туралы ақпарат кеше әлеуметтік желілерде тарады. Туыстарының айтуынша, оны жоғарғы курс студенттері соққыға жыққан көрінеді. Мәліметтерге қарағанда, түнде жоғарғы курс студенттері бірінші курстың балаларын оятып, жаттығу залына апарып, сол жерде күш көрсеткен. Туыстары студенттердің жедел жәрдем шақырмағанын, ал марқұмның денесін бөлмесіне қайта апармақ болғанын айтады.

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша Қызылорда облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Журналистердің күдікті туралы сұрағына Әділов тергеу мәліметтерін жариялауға болмайтынын атап өтті.

"Бұл - алдын ала тергеу мәліметтері. Мен оны жариялауға құқығым жоқ. Күдікті ретінде танылған тұлға қазір қамауда отыр", - деп түйіндеді министрдің орынбасары.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.86   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер