22 тамыз 2016 | 21:12

Радикалдар ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК елімізде жоспарланған терактілер сериясының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК елімізде жоспарланған терактілер сериясының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арнайы операция 2016 жылғы 18 тамызында Алматы облысында жүргізілген. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары жүзеге аспады. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды жоспарлаған. 

"Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады", - деді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети