"Радиоточка" бас редакторы Қазақстаннан кетіп қалды: Редакция жұмысын жалғастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Радиоточка" бас редакторы Қазақстаннан кетіп қалды: Редакция жұмысын жалғастырып жатыр © Vlast.kz

"Радиоточка" сайтының бас редакторы Бекжан Ыдырысов Қазақстаннан кетіп қалды, бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Бұл шешімін ол басылымның директоры Бигелді Ғабдуллиннің қамауға алынуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Радиоточка" сайтының бас редакторы Бекжан Ыдырысов Қазақстаннан кетіп қалды, бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Бұл шешімін ол басылымның директоры Бигелді Ғабдуллиннің қамауға алынуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыдырысов осы әрекетімен редакцияны да, оқырмандарын да таңғалдырғанын жазып отыр. Журналист өз ата-анасымен де қоштасып үлгермепті. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ыдырысов қасында әйелі мен балалары ғана барын, алайда басқа елде енді немен айналысатынын білмейтінін айтты.

"Басқа мамандыққа ауысу жайлы ойлап отырмын. Басқа елдерде кез келген мамандықтың құрметке лайық екенін білдім, бұл жай сөз емес, экономикалық жүйенің бір бөлігі. Осы жүйені көргім келеді", - дейді ол. Алайда ол қазіргі уақытта қайда екенін айтпады. Бұл туралы кейінірек айтуға уәде берді.

"Өзім ғана кетіп қалып, балаларым мен әйелімнің келуін үш апта күттім. Кеше олар келді", - деді журналист. Ғабдулиннің қамауға алынуын ол саяси тапсырыс деп атап, оның жалған куәлік беру дерегі бойынша ұсталған болуы мүмкін екенін айтты.

"Радиоточка" редакциясының өкілдері Бекжан Ыдырысовтың бұл жаңалығына қатысты пікір білдірді. Сайттағылар телефон соғып жатқандарда сан жоқ екенін, әріптестердің жобаның тағдыры не боларын сұрап, уайымдап жатқанын айтты. "Бекжан "Радиоточка" басылымының бас редакторы қызметінен желтоқсанның басында кетті. Содан бері байланысқа шықпады, оның кетіп қалғаны жайлы хабар өзіміз үшін де жаңалық болды. "Радиоточка" қалыпты жұмыс істеп жатыр. Бас редактордың міндетін Евгения Сазонова атқарып жатыр. Иә, қиындықтар болды, қызметкерлердің санын қысқартуға тура келді, белді бекем будық, бірақ жұмысты жалғастырып жатырмыз, жаңа материалдар жазып, аудиториямызға қызықты жаңа тақырыптар, форматтар іздеп жатырмыз", - делінген сайтта.

Еске салайық, қарашада "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталып, ол ұсталған еді. Тергеу кезінде Ғабдуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", - делінген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети