24 ақпан 2015 | 14:33

Рахат Әлиев Австрия түрмесінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©uralskweek.kz Рахат Әлиев. ©uralskweek.kz

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік ақпарат құралдарының жарияланымдарына сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік ақпарат құралдарының жарияланымдарына сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. 

Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада асылып қалған күйі табылды. Оның өлімі туралы ақпаратты судья растады. Әлиев жуырда үшорындық камерадан жалғыз адамдық орынға ауыстырылған. Ал оқиғадан бір күн бұрын оның адвокатының ұлы Әлиевпен кездесіп, оның ісі жайында талқылаған. Адвокаттың өзі Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтіреді. 

Heute басылымының мәліметінше, экс-елшінің денесі 23 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 07.20-да киім ілетін ілмекке асылған күйі табылған. Басқа ақпарат құралдары оның 24 ақпан күні табылғанын хабарлады. 

"Біз бұл істің мұқият тексеріліп, оның өлімінің себебі анықталатынына сенеміз", - деді бірнеше жыл бойы әкесімен бірге Рахат Әлиевтің мүддесін қорғаған Клаус Айнедтер.

Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі экс-елшінің өлімі туралы ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады. "Біз қазір бұл ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтап жатырмыз. Бізде жаңа мәлімет болған кезде оны өзіміз-ақ таратамыз", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Нұржан Айтмаханов Tengrinews.kz тілшісіне.

Рахат Әлиев 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарды. 2008 жылы ол Қазақстанда ауыр қылмыстар жасағаны, атап айтқанда, отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды. Әлиев 2007 жылдың көктемінен бері шетелде жасырынып жүргендіктен сот үкімі сырттай шығарылды. 

Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Tengrinews.kz Рахат Әлиевтің өліміне қатысты мән-жайларды анықтайтын болады.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети