Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс жабық режимде қайта қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс жабық режимде қайта қаралады видео кадры

Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс Алматы сотында апелляциялық тәртіппен жабық режимде қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс Алматы сотында апелляциялық тәртіппен жабық режимде қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі Алтынайдың өтініші бойынша сот отырысы жабық режимде өтеді.

Еске салайық, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс сотта қаралып жатқаны хабарланған болатын. 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қарауға қабылданған. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.

Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай кейінгі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші.

"Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети