BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол басқа кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол басқа кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рахымбаев үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол компания орталықты өз үй-жайларында ашу мүмкіндігін іздегенмен, барлығы ТК болғандықтан бұл тұрғындар үшін қауіпті екенін айтты.
"Назар аударыңыз, Алматы мен Нұр-Сұлтанда 100-200 орындық амбулаторлық-провизорлық COVID-орталығын ашу үшін ғимарат іздеп жүрміз. Тиімді жалдау ақысын төлеуге дайынбыз, барлық ыңғайлы және дайын нұсқаларды, мүмкіндігінше қонақ үйлер, тұрғын үй блоктары немесе санитарлық тораптары бар, кіреберісі ыңғайды болса және басқаларын қарастырамыз.
КВИ-ден емделуге мұқтаж барлық адам үшін тегін орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Оттегі концентраттары сатып алынды, келесі аптада келеді. Дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтар табылды және сатып алынады", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Рахымбаев дәрігер-волонтерлерді және дәрігерлерді іздестіріп жатыр. Ақысы сағатына төленеді. Оларды жеке қорғаныс құралдарымен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қайырымдылық негізде барлық мүдделі тұлғалармен орталықтарды жедел ашу және жұмыс істеу үшін ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа дайынбыз. Жеке клиникалар да тартылса ризамыз. Негізгі шығынды BI Group өзіне алады.
Жағдай нашарлап барады, ауырған адамдар көбейіп келеді. Міндетіміз - бизнес пен еріктілер есебінен ел бойынша 20-30 орталықты жедел ашу. Ашылу әдіснамасы мен алгоритмін бөлісеміз", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!