09 желтоқсан 2016 | 10:36

Рақымшылық жасау туралы заң Назарбаевқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Рақымшылық жасау туралы заң Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қою үшін жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Парламентінің жоғары палата депутаттары  "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қабылдады. 


Иконка комментария блок соц сети

Рақымшылық жасау туралы заң Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қою үшін жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Парламентінің жоғары палата депутаттары  "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қабылдады. 

Сенат қабылдаған бұл құжатта заң бұзған 28 мың қазақстандыққа рақымшылық жасалу қарастырылған. Мұндай санды Бас прокуратураның өкілдері айтты. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, түрмеде жазасын өтеп жатқан шамамен 1800 сотталушыға рақымшылық жасалады. Сондай-ақ, 5000 сотталушының жазасын өтеу уақыты қысқартылатыны айтылады. Айта кетейік, осыған дейін Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы бастамашылық еткен заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.

Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады. Сондай-ақ, заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады, бұл қылмыстық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді.

Заң жобасын Парламент Палаталарында таныстыру Бас Прокурор Жақып Асановқа тапсырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети