Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды Раушан Қажыбаева

Раушан Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раушан Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде хабарлады.

"Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген", - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Раушан Қажыбаева 1978 жылы 3 қазанда Торғай облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети