Рахат Әлиевтің мәйітін екінші мәрте ашу кезінде оның өзіне-өзі қол жұмсағаны расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиевтің мәйітін екінші мәрте ашу кезінде оның өзіне-өзі қол жұмсағаны расталды Рахат Әлиев. ©Facebook.com

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің денесін Швейцарияда екінші мәрте ашу оның өз-өзіне қол жұмсағанын растады, - деп хабарлайды австриялық Krone басылымы. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып қалған күйі табылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің денесін Швейцарияда екінші мәрте ашу оның өз-өзіне қол жұмсағанын растады, - деп хабарлайды австриялық Krone басылымы. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып қалған күйі табылды.

Басылымның мәліметінше, елшіні басқа біреулердің өлтіргені туралы белгілер табылмады. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Министрлік оқиға болғанға дейін оның өтініші бойынша Әлиевтің үш адамдық камерадан бір адамдыққа ауыстырылғанын мәлімдеді.

Рахат Әлиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны оның денесі бірінші рет ашылғанда расталған еді. Сонымен қатар, бұған дейін бұрынғы елшінің қанынан есірткі заттарының табылғаны туралы ақпарат пайда болды. "Бұрынғы қазақ елшісі Рахат Әлиевтің өлімінен соң оның қанынан алынған сынамаларда есірткі заттары бар екені туралы хабарламалар тарады. Прокуратура Әлиевтің қанында есірткі заттарының табылғанын растады", - делінген Австрияның ақпарат құралдарының хабарламасында. Басылымның мәліметінше, әңгіме ағзадан барбитураттардың (дәрі) ізін анықтаған алдын ала тест туралы болып отыр. Токсикологиялық сараптаманың нақты нәтижесі әзірше дайын емес.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети