22 қараша 2021 | 16:20

"Реанимациядағы науқастардың 80 пайызы екпе салдыртқан": желіде қауесет тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жаңа тест-жүйесі реанимацияда жатқан науқастардың 80 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салғызғанын анықтады деген жалған хабарламалар таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жаңа тест-жүйесі реанимацияда жатқан науқастардың 80 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салғызғанын анықтады деген жалған хабарламалар таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, пайдаланушылар Ресейде ойлап табылған тест-жүйесі туралы жаңалықты қате түсінгеннен кейін осындай қорытындыға келген. Негізінен, бұл тест адам шынымен, вакцина алғанын немесе алмағанын, яғни вакцинация сертификатын заңсыз алғанын анықтауға мүмкіндік береді.

"Біздің вакцинаны алғанының белгісі – вектор қабығына, 26-аденоға антиденелердің қалыптасуы. "Спутник V" бірінші компоненті 26-адено негізінде жасалған. Ол адамдарда өте сирек кездеседі, бұл бір пайыздың оннан бір бөлігі. Сондықтан 26-аденоға антиденелердің болуы адамдардың вакцина алғанын білдіреді. Бірақ адам реанимацияға түсіп, егілдім деп айтса, бірақ 26-адено қабығына антиденелер болмаса, онда оның сертификаты жалған болуы мүмкін", - делінген StopFake келтірген Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбургтің сөзінде.

Басылым мәліметінше, мұндай тест Ресейде реанимацияда жатқан пациенттерге қолданыла бастаған. Нәтижесінде, вакцинация сертификаты бар жағдайы ауыр науқастардың 80 пайызы оны заңсыз сатып алғаны және іс жүзінде вакцина алмағаны белгілі болды. 

"Бұл коронавирустың ауыр түрімен ауырған адамдардың көпшілігі егілмегенін дәлелдейді. Осындай үрдіс басқа елдерде де байқалады. Кливленд клиникасының соңғы ақпаратына сәйкес, биыл тамызда ауруханаға жатқызылған барлық вирус жұқтырғандардың 90 пайызы вакцина алмаған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети