05 маусым 2022 | 18:30

Референдумда 7,5 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі аладын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі аладын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 624 мың 641 қазақстандық дауыс берді.

"Орталық референдум комиссиясының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәлімет бойынша, астана уақыты бойынша сағат 18.00-де тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 пайызы сайлау бюллетендерін алды", - деді Өтемісов.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети