19 сәуір 2023 12:49

Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігін сезінуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігін сезінуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы біз ерекше тарихи кезеңде өмір сүріп жатқанымызды атап өтті.

"Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды", - деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет.

"Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет", - деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети