23 қазан 2017 12:17

Реконструкциядан кейін "Алмалы" сауда орталығы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан Сурет Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан

Алматы әкімдігінің маңындағы "Алмалы" сауда орталығында жөндеу жұмыстары 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап. 


Алматы әкімдігінің маңындағы "Алмалы" сауда орталығында жөндеу жұмыстары 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап. 

Сызба жобасына қарағанда, "Алматы" СО дизайны киіз үй концепциясын сақтайды. Жанында әр түрлі жазық, гүлденген бұталар, аласа бойлы ағаштар, қалқанды өсімдіктер, шалғын шөптер мен Алматының сипатына сай гүлдер отырғызылады. 

Сауда орталығының жанында қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орындары, су элементтері және көлегейленген аймақтар болады. 

Жоба аясында жасөспірімдердің белсенді өмір сүруі үшін паркур мен кішігірім жартас қарастырылған және балалар алаңы да болады. 

Жер астында балаларға арналған үш мың шаршы метрден асатын ойын алаңдары болады.  

Концептуалдық жоба Қала құрылысы кеңесімен келісілген. (...) Инженерлік жүйелерді ауыстыру, экстерьер мен интерьер редизайн жасау 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады", - деді Алматы әкімдігінің өкілдері.  


Суреттер Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети