Ресейде пойызбен соғысқан автобуста болған қазақстандықтар жайлы мәлімет жарияланды

Ресейде пойызбен со?ыс?ан автобусты? ж?ргізушілері О?т?стік ?аза?стан облысыны? т?р?ындары бол?аны аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі ?аза?станны? Ресейдегі елшілігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ресейде пойызбен соғысқан автобустың жүргізушілері Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан 40 жастағы Н.Сарманов аман қалды. Ал екінші қазақстандық жүргізуші - 47 жастағы Д.Шілдебаев қаза тапты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін, 6 қазанда сағат 03:29-да Владимир облысында "Покров" теміржол станциясында жолаушылар автобусы теміржол бағдаршамының рұқсат етілмеген белгісіне жүріп кетіп, салдарынан пойызбен соқтығысқан. Автобус салонында болған оннан аса адам қаза тапқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан болатын. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жол апатынан 17 адам қаза болды. БАҚ мәліметінше, автобус Қазақстаннан барған.

Қазіргі уақытта тергеушілер Ресейде болған жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізушіден жауап алып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама