06 қазан 2017 12:03

Тергеушілер Ресейде болған жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізушіден жауап алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейде болған жол апатына қатысты тағы деректер пайда болды. Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізушіден жауап алып жатыр. Осыған дейін қазақстандық тағы бір жүргізушінің қаза болғаны айтылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі.


Ресейде болған жол апатына қатысты тағы деректер пайда болды. Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатынан аман қалған қазақстандық жүргізушіден жауап алып жатыр. Осыған дейін қазақстандық тағы бір жүргізушінің қаза болғаны айтылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі.

Өзбекстанның 55 азаматын қазақстандық екі жүргізуші тасымалдаған. Жол апатынан қазақстандық жүргізушіні қосқанда 15 адам қаза болған, тағы бес адам ауыр жағдайда жатыр.

РИА Новости мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер Мәскеуге жеткізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта Владимир облысының басшылығы дәрігерлермен осы мәселені талқылап жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Александр Кирюхин белгілі дәрігер Леонид Рошальдың кеңестер өткізуге дайын екенін айтады.

"Зардап шеккендерді жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Қазір бізге Леонид Михайлович Рошаль хабарласты. Ол кеңес беруге дайын", - деді Александр Кирюхин. Сондай-ақ, ол Рошальдың зардап шеккендерді Мәскеуге жеткізуді ұсынғанын айтты.

Кирюхиннің айтуынша, ауруханада үш ересек пен екі баал жатыр. Балалардың жасы шамамен 3-4-те.

"Зардап шеккендердің жағдайы ауыр", - деді ол. 

Сонымен қатар, оның айтуыша, қаза тапқандардың саны 18 емес, 15 емес. "Соңғы мәліметтерге сәйкес, дәрігерлер маған 15 адамның қаза болғанын хабарлады. Бірақ нақты қанша адамның қаза болғанын сот-медициналық сарапшылар айтады", - деді ол.

Кирюхиннің айтуынша, қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккендермен жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан болатын. Соңғы мәліметтерге қарағнада, жол апатынан 17 адам қаза болды. ІІМ мәліметінше, автобус бағдаршамның қызыл түсіне жүрген. Өңірлік ТЖМ өкілдері қазақстандық автобус болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны айтылады. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети