Ресейлік бақылаушы моншадағы сайлау учаскесіне қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік бақылаушы моншадағы сайлау учаскесіне қатысты ойын айтты

Қазақстандағы сайлау бақылаушысы, саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков сайлау кампанияларының оны таңғалдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы сайлау бақылаушысы, саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков сайлау кампанияларының оны таңғалдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған ұнаған бір дерек. Әдетте біздің елдерде сайлау шаралары оқу орындарында, мектептерде өткізіледі. Біз бүгін моншада орналасқан сайлау учаскесіне қуана бардық. Мен моншадағы сайлау учаскесін бірінші рет көріп тұрмын. Сол үшін де мақтайтын едім. Сайлаушылар үшін жақын, адамдар бұл туралы не ойлайды деп ұялып, толғанған жоқ. Сайлаушыларға жақын болу үшін моншаға орналастырылған. Менің ойымша, бұл дұрыс әрі жақсы шешім, өзгелерге де үлгі етемін", - деді Марков Астанада өткен брифингте.

Оның ойынша, биліктің бұл шешімі адамдарға дауыс беру үшін мүмкіндік жасауға арналған. Ол дауыс беру орны неғұрлым жақын болса, сайлаушылар да көп келеді, сайлау процесінің легитимділігі де мықтырақ болады.


РФ бақылаушылар тобы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети