Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Зенит" зымырандарын ұшыруға арналған инфрақұрылымды Ресейден толықтай қабылдап алды. Дегенмен құжаттарды рәсімдеу әлі аяқталған жоқ және мемлекетаралық деңгейде мақұлдануды қажет етеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасының міндетін атқарушы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мұның алдында басылымының мәлімет көзі "Зенит" зымыран кешені 1 маусымға дейін өткізілуі керектігін айтқан. Дегенмен бұл істің құжаттық жағы әлі де 3-6 айдай уақытқа созылуы мүмкін. Кешенді Ресейдің жалға алуынан Қазақстанның пайдалануына өткізу туралы шешім 2016 жылы қабылданған болатын. Ал өткізу жұмыстары 2018 жылдың 1 наурызында басталды. Жалпы Ресей жалға алған № 45 алаңындағы мәре кешені екі іске қосу құрылғысымен (іс жүзіндегі және біреуі істен шыққан), № 42 алаңдағы техникалық кешен монтажды-сынақтан өткізу корпусымен бірге және өлшеу пункті Қазақстанға қайтарылуы тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан тарабы 42, 43 және 45-алаңдағы 212 нысанды қабылдап алды. Осылайша, Жалпы алғанда Қазақстан "Зенит-М" зымыран кешеніндегі 243 жер бетіндегі ғарыш инфрақұрылым нысанын қабылдады.
Қазіргі таңда Ресей Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын жалға алып отыр. Жалға алынған жердің жалпы көлемі 6 717 шаршы шақырым.