Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлкін Қазақстанға тегін береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлікті Қазақстанға береді, бірінші болып берілгені - 1990-жылдары құрастырылып, орбитаға шығарылмай қалған "Экран-М" спутнигі мен оның құрамдас бөліктері. Ресей үкіметінің тиісті бұйрығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлікті Қазақстанға береді, бірінші болып берілгені - 1990-жылдары құрастырылып, орбитаға шығарылмай қалған "Экран-М" спутнигі мен оның құрамдас бөліктері. Ресей үкіметінің тиісті бұйрығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның ұсынысына сәйкес тізбе бойынша жылжымалы мүлікті федералдық меншіктен Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне өтеусіз беру туралы ұсыныс қабылдансын", - делінген құжатта.

Тізімде екі позиция бар - жинақтары және құрамдас бөліктері бар "Экран-М" спутнигінің өзі, сондай-ақ құрастыру-қорғау блогы, оның жинақтары мен құрылғылары. Спутниктің де, блоктың да құны бір рубльге бағаланады.

Бұл мүлікті Қазақстанға тапсыру Федералды мүлікті басқару агенттігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

Бұған дейін РИА Новости дереккөзі Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға беруден алып, 2022 жылдың соңына қарай Қазақстанға беретінін хабарлаған. Атап айтқанда, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрын пайдаланылмаған "Экран-М" телекоммуникациялық спутнигі және Байқоңырдағы үш технологиялық жүйе ғарыш айлағы объектілерін жалға беруден шығару аясында Қазақстанға берілуі мүмкін.

РИА Новостиге зымыран-ғарыш саласындағы басқа дереккөздің айтуынша, "Экран-М" спутнигі ғарыш айлағына жеткізілген, бірақ ол ешқашан іске қосылмаған, өйткені дәл осындай құрылғылар жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрған және орбиталық топтаманы толтырудың мәні болмаған. Ол егер құрылғы дұрыс сақталса, онда ол әлі де орбитада жұмыс істеуге жарамды екенін айтты.

Алғашқы "Экран-М" спутнигі 1987 жылы геостационарлық орбитаға ұшырылған. Құрылғының мақсаты - Сібір мен Қиыр Шығыс өңірлеріне тікелей телевизиялық хабар таратуды ұйымдастыру. Осындай құрылғы кейінгі рет 2001 жылы ғарышқа жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro