01 тамыз 2014 | 17:20

Ресей Байқоңырдан кете ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

2016 жылдан бастап Ресей қаржы министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағын қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін, – деп жазады «Известия» басылымы «Роскосмос» басшылығының мәліметтеріне сілтеме жасап. Мамандар бұған дейін бірнеше мәрте мәселе көтеріп, «Байқоңыр» ғарыш айлағының технологиялық құрал-жабдықтарының табиғи және моральдық тұрғыда тоза бастағанын, Ресей бұл нысанды ары кетсе 10 жыл ғана пайдаланатынын айтқан болатын. Бірақ, Ресей тарапы әрдайым «Байқоңырдан кетпейміз» деп мәлімдеп келді. Бұл мәлімдемелер қаншалықты негізді? Егер де Ресейліктер Байқоңырдан бас тартса, ғарыш айлағын игеруге дайынбыз ба? «Алаш айнасы» ой қорытып көрген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Ресейде салынып жатқан «Восточный» ғарыш айлағының құрылысы аяқталып қалды. Біріншіден, «ресейліктердің Байқоңырды қаржыландырудан бас тартуына осы жай тікелей әсер етеді» дейді мамандар. «Известия» басылымы да бұл болжамды жоққа шығармайды. Басылымның мәлімдеуінше, қаржы көлемінің қысқаруы 2015 жылы іске қосылуы тиіс «Восточный» космодромының салынуымен байланысты болуы мүмкін.

Сергей Лазарев, Ресейдің Ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының бас директоры:

– Бюджет жобасының алдыңғы нұсқасында Байқоңырға 2016 жылы 2,5 миллиард рубль бөлу қарастырылған болатын. Бұл қаржы қызметкерлердің жалақысы мен нысанның жұмыс қабілетін сақтап тұру үшін қажет. Біз одан көп сұрағанбыз. Алайда қаржы министрлігінде біздің өкілімізге көрсеткен бюджет жобасының соңғы нұсқасында, тіпті бір тиын да қарастырылмапты. Яғни бұл біздің космодромдағы мамандар ұжымына қаржы берілмейді деген сөз. Біздің өкіліміз неліктен қаржы қарастырылмай отырғанын сұрағанда, оған «қаржы жаңа құрылған Восточный космодромына бөлінеді» деген екен.

Екіншіден, Ресейдің Байқоңырдан бас тартуына әлемдік алпауыттардың Ресей мемлекетіне салған санкциялары себеп болуы мүмкін. Өйткені, осы жылы америкалық фирма өкілдері ғарыш кемесіне керекті құрал-жабдықтарды беруден бас тартқан болатын. Осының салдарынан Байқоңырдан ұшырылуы тиіс Еуропа елдерінің бірнеше жерсеріктері ғарышқа ұшпай қалған-ды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети