13 қараша 2017 | 12:05

Ресей "Байқоңырдың" бір бөлігін Қазақстанға қайтарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tourincity.ru © tourincity.ru

"Байқоңыр" кешені аумағының бір бөлігі Қызылорда облысына берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Байқоңыр" кешені аумағының бір бөлігі Қызылорда облысына берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Челябинскіде өткен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында "Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясының ғарыш қызметі жөніндегі Бас директордың бірінші орынбасары Александр Иванов пен ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға беру Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің сөзінше, құжатқа сәйкес Ақай және Төретім кенттерінің маңындағы 11,6 мың гектар Ресей тарапынан жалға алудан шығарылды және ол жерде әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін Қызылорда облысына берілді.

Сондай-ақ, РФ денсаулық сақтау миинстрі Вероника Скворцова мен ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын Ресей Федерациясы жалға алу жағдайында "Байқоңыр" ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына, медициналық қызмет көрсету" Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Хаттамада "Байқоңыр" кешенінде, Ақай және Төретам кенттерінде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру көзделген.

"Қол қойылған құжаттар "Байқоңыр" ғарыш айлағы туралы бұрыннан бар екі жақты нормативтік-құқықтық базаны толықтырады әрі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын дамытуда маңызды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети