Ресей Екатеринбургте жасырынып жүрген “инвесторды“ Қазақстанға экстрадициялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол 2022–2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Былтыр қарашада күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды".

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети