08 қыркүйек 2014 | 14:36

Ресей елшісі қағып кеткен Сметанинаның ісі бойынша тергеу жанданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лилия Сметанина анасымен бірге. Фотосурет отбасы мұрағатынан алынды Лилия Сметанина анасымен бірге. Фотосурет отбасы мұрағатынан алынды

Алматы полициясы үш жыл бұрын ресейлік елші көлігімен қағып кеткен жеті жасар Лилия Сметанинаның ісі бойынша тергеуді жандандырды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы зардап шегуші отбасының адвокаты Валерий Соколов айтты. Еске сала кетейік, Лилия Сметанина Алматы саябақтарының бірінде елші мінген электромобильдің астына түсіп қалған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы үш жыл бұрын ресейлік елші көлігімен қағып кеткен жеті жасар Лилия Сметанинаның ісі бойынша тергеуді жандандырды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы зардап шегуші отбасының адвокаты Валерий Соколов айтты. Еске сала кетейік, Лилия Сметанина Алматы саябақтарының бірінде елші мінген электромобильдің астына түсіп қалған болатын.

Адвокаттың айтуынша, тергеу аясында куәгерлерден жауап алу жанданды. Жауап алу кезінде құжаттарға қойылған қолдардың бірінің жалған екені анықталды. Бір куәгердің соңғы жауабы мен алдыңғы жауабы үйлеспей шықты. Ол ескі хаттамада өзінің орнына басқа біреудің қолы қойылғанын айтты. "Соған байланысты мен қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, электронды үкімет порталы арқылы қалалық прокуратураға жолдадым. Онда қылмыстық істің лауазымды тұлғаларға, нақты айтқанда, жауап алуды жүргізген тергеушіге қатысты қолданылуы тиіс екені айтылды", - дейді Соколов.

Еске салайық, бұған дейін Лилия Сметанина отбасының адвокаты бұл істе қызметтік жалғандық және құжаттарды қолдан жасау деректерінің анықталғанын мәлімдеген еді. Бұл дәйектерді тексерумен қаржы полициясы айналысты. Бірақ, Соколовтың айтуынша, бұл деректерден тергеушілер қылмыс құрамын таппады.

Бұған қоса, Сметанинаның адвокатына Ресейдің Сыртқы істер министрлігінен хат келді, онда РФ СІМ басшысы Сергей Лавровтың Өскеменге сапары барысында зардап шеккен қызға қатысты істің талқыланғаны айтылған. Ведомство адвокатты мәселенің бақылауда екеніне сендірген. Соколовтың айтуынша, кейін оған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен хабарласып, адвокатты Мәскеуде кездесуге де шақырған. 

Соколовқа Лилия Сметанинаны қағып кеткен Андрей Мамаевтың бүгінде РФ Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істемейтіні белгілі болды. "Ресей СІМ қызметкерлері маған Мамаев мырзаның ведомствода жұмыс істемейтінін және жұмыстан зейнетақысыз шығарыла жаздағанын ресми түрде айтты", - дейді адвокат.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2011 жылдың мамырында 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта болған еді. Көлік қағып кеткен Лилия Сметанина көп жарақат алып, ауруханада ұзақ емделді, соның салдарынан балабақшаға бара алмады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети