Ресей филологы Александр Драгункин 2014 жылдың күзінен бастап, Астанада қазақ тілін үйретуге кіріседі. Бұл туралы ол елордада баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей филологы Александр Драгункин 2014 жылдың күзінен бастап, Астанада қазақ тілін үйретуге кіріседі. Бұл туралы ол елордада баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Драгункин ағылшын тілін оқытудың жаңашыл әдістемесінің авторы ретінде белгілі. Ол Кеден одағы елдерінде мемлекеттің бірінші басшыларына ағылшын тілін үйреткен. Бірнеше жыл бұрын ол Қазақстанға келіп, қазақ тіліне қызығушылық танытты, сол кезде қазақ тілін оқыту жөніндегі оқулықтар сапасының көңіл көншітпейтініне көз жеткізген.
"Маған қазақ тілі ұнап қалды, мен оны оқытуға деген қажеттілік барын түсіндім. Мен орыстарға қазақ тілін үйретуге арналған нарықтағы оқулықтармен таныстым. Филолог әрі оқытушы ретінде турасын айтайын, оқулықтарға көңілім толмады. Қазақ тілінің көптеген элементінің өзінен-өзі түсінікті жайт ретінде үйретілетінін байқадым. Орыстілді оқушы үшін бұл - нағыз күрделі мәселе, мен оны шешуді жолдарын таптым", - дейді Драгункин. Айта кетейік, ғалымның өзі әзірше қазақ тілін білмейді.
"Мен әзірше қазақша сөйлемеймін, бірақ мен оқулықты қазақ тілін білетін адамға жазғызамын. Қайталап айтамын, кәсіби оқытушы анау айтқандай жақсы болмауы мүмкін. Сондықтан тіл үйренуге ниеті бар адамдарға қазақ тілін жылдам меңгеруге көмектесетін оқулық жазғым келеді", - дейді филолог. Ол өзінің бірегей әдістемесі жайлы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.
"Егер мен мәселенің неде екенін айтатын болсам, онда ол ноу-хау болмай қалады. Қазақ тілінде орыстар үшін үлкен мәселе болып көрінетін үндестік заңы қағидасы бар екенін ғана ишаралағым келеді, мен бұл мәселені дәстүрлі емес жолмен шештім", - дейді Драгункин. Күзде Астанада Драгункин орталығы ашылмақ, филолог сол кезде оқулық жазуға кіріседі.