Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев Ресейден импортталатын тауарларға шектеу қойылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев Ресейден импортталатын тауарларға шектеу қойылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Жоқ, олай емес, біз олай істегелі жатқан жоқпыз", - деп жауап берді Сағынтаев журналистерге.
Жұма күні "Коммерсант" газеті Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап Қазақстан Ресейден әкелінетін тауарларға тыйым салуы немесе шектеу қоюуы мүмкін деп жазған. Басылым сонымен қатар, қазақстандық өндірушілердің рубльдің құнсызданып, нарыққа ресейлік арзан тауардың келуіне байланысты бәсекелесе алмай жатқанын хабарлады. Бірақ Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Николай Федоров журналистермен кездесу барысында мұндай болжамды жаңсақтық деп атады.
Еске сала кетейік, 3 ақпан күні Павлодар облысының басшылығы Ресейден импортталатын тауарларға уақытша шектеу қоюды ұсынған болатын. Мұндай ұсынысты облыс әкімдігі Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жеткізді. "Нарықта ресейлік арзан тауарлардың қаптап кетуіне байланысты өндірістік кәсіпорындар қиын жағдайға тап болғаны белгілі. Қазақстандық тауармен қамтамасыз етушілер ресейлік бәсекелестерінің тауардың белгілі бір түрлерінің бағаларын біздікіне қарағанда 30-60 пайызға дейін арзандатып беруіне тап болды. Бұл жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне теріс әсер етіп жатыр", - деді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов. Ал өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев бұл жағдайдан шығудың жолдары қарастырылып жатқанын айтты. Кейін сарапшылар бұған қатысты "Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салу заңды, себебі Кеден одағы туралы келісімшартта қиын-қыстау жағдайларда қорғану шаралары қарастырылған. Ал қазір - экономистің айтуынша, тап сол қиын-қыстау жағдай", - деп баға берді.