Ресей қашып жүрген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Аса ірі көлемдегі есірткі затының айналымы үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Аса ірі көлемдегі есірткі затының айналымы үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемдегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 келі кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.

2024 жылғы тамызда ол Ресей Федерациясы Киров облысының аумағында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer