29 қыркүйек 2014 | 17:40

Ресей Каспий елдеріне көмірсутек құны мәселелерін үйлестіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммиті Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммиті

Ресей президенті Владимир Путин Каспий жағалауы елдері өздерінің әріптестік әлеуетін тиімді пайдалана алады деп есептейді. Tengrinews.kz тілшісі Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммиті өтіп жатқан Астрахань қаласынан осылай деп хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Каспий жағалауы елдері өздерінің әріптестік әлеуетін тиімді пайдалана алады деп есептейді. Tengrinews.kz тілшісі Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммиті өтіп жатқан Астрахань қаласынан осылай деп хабарлайды.

"Өзара әрекеттесудің маңызды бағыты - энергетика. Каспий жағалауы мемлекеттері мұнай мен газ өндіруде жетекші орындарда, біз көмірсутектердің әлемдік нарығында, соның ішінде, баға қалыптастыру, ғаламдық және аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде өз әрекеттерімізді тығыз үйлестіре алар едік", - деді Путин саммит барысында. 

Ол елдер өз әріптестік әлеуеттерін тиімді пайдалануы қажет деп есептейді. "Біз бірлескен ауқымды жобаларды іске қосуға, өзара инвестицияларды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүдделіміз. Өзара байланыса отырып, біз бұл аймақты 250 миллионға жуық адамды біріктіретін қарқынды дамушы нарыққа айналдыра аламыз", - деді Ресей басшысы.

Ол Каспий бестігі табиғи бәсекегеқабілетті артықшылықтарды мейлінше белсенді іске қосу керектігін айтты, ол бестік елдері ең алдымен оңтайлы географиялық жағдайды пайдалануы қажет деп есептейді. 

Путин бестік елдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны келесі саммитте қабылдай алады деген пікір білдірді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети