Ресей 22 жыл жалға алған жерлерді Қазақстанға қайтарып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл жерлердің қандай мақсатта пайдаланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей 22 жыл жалға алған жерлерді Қазақстанға қайтарып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл жерлердің қандай мақсатта пайдаланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бір жағынан полигонды жалға беру үшін төленетін 717 мың доллар (жылына - авт.) пайдадан қағылып қалғандаймыз. Ал негізінен бұл жерлерді ауылшаруашылығы, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру мақсатында пайдалану экономикалық тұрғыда тиімдірек болады деп ойлаймын", - дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров журналистерге.
Сонымен бірге, полигон аумағының экологиялық жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылғаны айтылды.
"Ғарыштан түсірілім жасалды, полигон аумағы әуеден барланды, жердің құрамы сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы адамдар мен жануарлар, жалпы экологияға ешқандай зиян жоғы анықталды", - деп атап өтті Мұхтаров.
Еске салайық, Ресей 22 жылға жалға алған Ақтөбе облысындағы 300 мың гектарлық Ембі полигонын қайтарады. Жалға алу келісімінің мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарында аяқталды. Мұның алдында Ресей Қазақстанға полигон аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қайтарған болатын. Соның ішінде казармалық 15 ғимарат бар.