Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ресейдің Қазақстандағы полигонда әскери зымырандарды сынағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ресейдің Қазақстандағы полигонда әскери зымырандарды сынағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, әңгіме Ресей әскерилері 200 шақырымдық зымырандарды сынақтан өткізетін Сары-Шаған полигоны туралы болып отыр. Тестілеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты жылына 50 сағат.
"Сондай полигон бар, бірақ ұшқышсыз зымырандар емес (сынақтан өткізіп жатыр. - еск.). Шартқа сәйкес, 2030 жылға дейін Сары-Шаған полигоны бар, онда Ресей Федерациясының 110-шы оқу орталығы сынақтар өткізеді", - деді министрдің орынбасары мәжіліс кулуарында.
Журналистер бұл сынақтар жергілікті тұрғындарға әсер ете ме деген сұрақ қойды.
"Жоқ, бұл полигонның жанында инфрақұрылым жоқ, жергілікті тұрғындар жоқ", - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Қазақстанда қанша ресейлік әскери қызметкер бар, деген сұраққа қорғаныс министрінің орынбасары "бар болғаны 900 адам" деп жауап берді.
Сарыағаш әскери полигоны Балқаш көлінің солтүстік-батысында және батысында Бетпақ-Дала даласында Қарағанды және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Ол Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінен жалға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!