Ресей қазақстандық мал етіне қызығушылық танытуда

18 Ақпан 2014, 14:43
0
Ресей қазақстандық мал етіне қызығушылық танытуда - Дулат Айтжанов © Тengrinews.kz
Дулат Айтжанов © Тengrinews.kz
Қазақстаннан сыртқа экспортталатын өнімдерге сұраныс көлемі артып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАгро" басшысы Дулат Айтжановқа сілтеме жасап.

"Сыртқы нарық бойынша ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау "ҚазАгро" холдингінің жобасы бойынша іске асуда. Мәселен, ет өнімдерін сатып алуда қазақстандық өнімге сұраныс деңгейі артып келеді. Кедендік одаққа мүше Ресейге былтыр біздің елден 1 400 тонна ет экспортталды. Оның ішінде Мәскеу қаласының тұрғындары Қазақстаннан жеткізілген етке қызығушылық танытады", - деді ол.

"ҚазАгро" ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша биыл 2,9 млрд теңге көлемінде мал шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуды көздеп отыр. Елде дайындалған тауарларды Ресей нарығына жеткізу үшін Сібір мен Орал өңірлерінде алдын ала арнайы зерттеу жүргізілген. Осы орайда Қазақстан мен Ресей арасында ет экспорттайтын компания құру жоспарланды.

"Соған сәйкес "ҚазАгро" АҚ мен "Мосрегионторг" ААҚ екеуара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды", - дейді" Д.Айтжанов.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай