Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанда киіктердің пастереллез себебінен жаппай қырылып жатқанын растады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған. Еске сала кетейік, киіктер Қазақстанда 2015 жылдың мамыр айының басынан бері жаппай қырылып жатыр.

"Жануарлардың денсаулығын қорғау федералдық орталығына" қарасты референттік зертхана қызметкерлері Қазақстанның Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы киіктерге 1-2 маусым күндері эерттеу жүргізді. "Орталық қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижесінде аусыл, оба сияқты аурулар жоққа шығарылды. Барлық сынамалардан В типті (геморрагиялық септицемия қоздырғышы) Pasteurella multocida анықталды", - делінген ведомство сайтында.
Еске сала кетейік, киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері сол күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Бір айдың ішінде олардың саны мың еседен артты. Киіктер қырылмай тұрғанда Қазақстанда олардың саны 300 мыңнан жоғары болған.