08 қазан 2022 17:54

Ресей мен Беларусь әскери күштері Қазақстан аумағынан өтеді - Қорғаныс министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі Ресей мен Беларусь қарулы күштері ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағы арқылы оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі Ресей мен Беларусь қарулы күштері ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағы арқылы оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қыркүйек мен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтті.

"Оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады", - деді министрлік өкілдері. 

Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді. 

"Азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети