Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ақтауда өтетін Каспий саммитіне ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ақтауда өтетін Каспий саммитіне ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейлік көшбасшысының борты Ақтау әуежайына шамамен жергілікті уақыт бойынша 13:15-те қонды.
Оған дейін Әзірбайжан, Иран және түркіменстан көшбасшыларының ұшақтары келіп қонды.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Ақтау әуежайында. © instagram.com/aktau_akimat
Халықаралық әуежайға бірінші болып Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Алиевтің ұшағы қонды. Қонақтарды күтіп алушы жоғарғы лауазымды тұлғалар арасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болды.
Кейін Иран президенті Хасан Руханидің борты қонды.
Хасан Руханиді Қазақстан Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Жақын арада Владимир Путин мен Гурбангулы Бердымухамедов келеді деп күтіледі. Қазақстан Президенті Ақтауға 10 тамызда ұшып келді.
12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтеді. Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий мәртебесі Конвенциясына қол қойылады.