05 мамыр 2014 18:12

Ресей "Протоннан" келген залалға өтемақы төлемей отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тengrinews.kz Фото ©Тengrinews.kz

Өткен жылы шілде айында Байқоңырда "Протон" құлағаннан кейін өтемақы төлеу туралы мәселе көтерілген болатын. Алайда келтірілген залал есептелгеніне қарамастан өтемақы төленбей отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бірқатар мәселелерді тарқатты. Әңгіме "Протоннан" келген залалға ойысқанда агенттіктің жауапты хатшысы жауап берді.

"Байқоңырда "Протон" құлағаннан кейін өтемақы мөлшері Үкімет тарапынан жасақталған комиссия жұмысынан кейін анықталып, Ресейге талап етіп қойылған. Олар әлі де бұл талапты қарап жатыр. Бұл іске Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жауапты. Біздің тарап күтіп отырғанымызбен әлі күнге дейін олар жауап берген жоқ", - деді ол брифингте.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети