11 сәуір 2014 | 20:30

Ресей СІМ Қазақстан туралы айтылған пікірлерді негізсіз деді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото obozrevatel.com сайтынан алынды Фото obozrevatel.com сайтынан алынды

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей тарихи қарым-қатынасына байланысты Қазақстан туралы негізсіз пікір білдірген аймақтардағы саясаткерлерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей тарихи қарым-қатынасына байланысты Қазақстан туралы негізсіз пікір білдірген аймақтардағы саясаткерлерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 сәуірде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин мен Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Марат Тажин Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы жайында өзекті мәселелерді талқылап, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар, екі жақты және жанжақты ынтымақтастықты тереңдетуге арналған маңызды құжаттар дайындау мәселесін сөз етті. 

"Кездесу барысында Ресей жағы соңғы уақыттарда кейбір аймақтардағы басқару орган өкілдерінің Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына байланысты тарихи аспектілер жайында айтқан пікірлерін сынға алды", - делінген мәліметте. Сыртқы саясат және шет елдермен арадағы қарым-қатынасқа байланысты айтылған мәлімдемелер мен пікірлер Ресей Федерациясы билігінің, РФ сыртқы істер министрлігінің ұстанған саясатына қайшы келеді. "Ресей-Қазақстан достығы одақтастас ретіндегі байланыс, екі тәуелсіз елдің ұмтылысы, тең құқылы стратегиялық серіктес ретінде өзара түсіністік, сондай-ақ қауіпсіздікті күшейтуге және еуразиялық кеңістікте тұрақтылықты нығайтуға бағытталған", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске саламыз, ресейлік бірқатар ақпарат құралдары Штыгашевтің пікірін жария еткен болатын, онда Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы Ресейдің бұрынғы КСРО-ның кейбір аумақтарына, соның ішінде, Қазақстанның шығыс облыстарына тарихи құқы бар екені айтылған. "Қазақстанның аумағы кішкентай болатын, Есіл облысының (Омбы облысы) бір бөлігін беру туралы шешім қабылданды. Берілді де, Қарағанды құрылды. Бұл - 1936 жыл, жуырда ғана. Біз Қазақстанға барлығы бес облысты бердік, содан кейін Қазақ АКСР-і КСР деп қайта аталды. Бұл аумақтар айырбас бақыры сияқты берілді. (...) ТМД шеңберінде шекараны белгілеу жылдам жүргізілмеді, неге? Өйткені әр халықта өз елін қалпына келтіру ниеті туындауы мүмкін еді", - делінген пікірде.

Жоғарғы кеңес өкілдері Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарған жауабында журналистер Штыгашевтің сөзін дұрыс жеткізбегенін айтты. "Шанс" тәуелсіз интернет-ресурсында жарияланған материалда басылымның тілшісі Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының бұрынғы КСРО туралы ойын дұрыс жеткізбеген. Владимир Штыгашев КСРО шеңберінде одақтас республикалардың шекарасы қандай болғанын және қалай өзгергенін айтты. Жоғарғы кеңес төрағасының сөзінде біреудің аумағына, атап айтқанда, Қазақстанның аумағына қатысты қандай да бір тарихи немесе басқа да құқық туралы айтылмағанын атап өткім келеді", - дейді Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі аппарат жетекшісінің орынбасары, кеңестің Ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Олег Николаев. Ол редакцияның оқырмандарды көбірек тарту үшін материалға даулы тақырып қойғанын айтты. "Шанс" интернет-ресурсының редакциясы біздің пайымдауымызбен келісіп, тақырыпты өзгертті, материалдың мәтінін түзетті. Қазіргі уақытта бұл материал "Владимир Штыгашев КСРО-ны еске алды" деп аталады. Интернет-ресурстың редакциясы материалдың алғашқы жолдарын да өзгертті", - деп түсіндірді Николаев. Айта кетейік, атышулы мақала о баста "Ресейде Шығыс Қазақстанға таласу туралы айтылып жатыр" деген тақырыппен жарияланған болатын.

Ал осы жағдайға байланысты кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Бочарниковты түсініктеме беру үшін шақыртты. "Жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі Михаил Бочарников арнайы шақыртылды. Ресейдің ресми билігі Штыгашевтің айтқан сөздеріне нақты түсініктеме береді деп ойлаймыз", - деген болатын ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети