24 маусым 2014 | 18:47

Ресей ТМД елдерінің кез келген тұрғынына азаматтық бермек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

oadam.livejournal.com oadam.livejournal.com

РФ-ның Федерациялар Кеңесінің төрағайымы Валентина Матвиенко Моңғолияға барған сапарында «Ресейде дүниеге келген барлық сәбиге Ресей азаматтығын беру керек» деген идеяны қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап. Спикер осы мәлімдемесі аясында бүкіл ТМД елдерінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, азаматтық мәселесіне көлеңке түсірер жайларды да сөз еткен.


Иконка комментария блок соц сети

РФ-ның Федерациялар Кеңесінің төрағайымы Валентина Матвиенко Моңғолияға барған сапарында «Ресейде дүниеге келген барлық сәбиге Ресей азаматтығын беру керек» деген идеяны қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап. Спикер осы мәлімдемесі аясында бүкіл ТМД елдерінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, азаматтық мәселесіне көлеңке түсірер жайларды да сөз еткен.

Спикер «Ресей аумағында дүниеге келген сәбилердің бәріне азаматтық беру қажет» деп санайды. Ол баланың ата-анасының басқа елдің азаматы екеніне мән бермеу қажеттілігіне де тоқталған.

«Мен бұл идеяны қолдаймын. Азаматтық беру мәселесін либерализациялау қажет. Егер бір сәби біздің елде дүниеге келсе немесе оның ата-тегі ресейлік болса (ата-анасы Ресейде немесе КСРО-да туған болса), оларға дереу азаматтық берген жөн», – дейді Матвиенко. Сондай-ақ Валентина ханым: «Ресейде туған баланың ата-анасы басқа елге көшіп кетсе де, «отан олардың (сәбилердің) азаматтығын жоққа шығармауға тиіс», - дейді.

Әрине, халқының санын көбейте алмай отырған Ресей үшін бұл жол тиімді шығар. Бірақ, бұл жайт кезінде Кеңестер Одағының мүшесі болған ТМД елдеріне қатер төндірмей ме? Ресейдің аталмыш қадамы іске асса, еліміздегі қос азаматтықтың көбеймесіне кім кепіл? «РИА Новости»-дің осы хабарламасында: «КСРО-ның құрамында болған елдердің кез-келген босқынын Ресей құшақ жая қарсы алады» делініпті. Мұның астарында не жатыр?

Алдан Смайыл, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Жалпы, біріншіден РФ-ның Федерациялар Кеңесінің төрағайымының Моңғолиядағы сапарда мұндай мәлімдеме жасауы қателік. Екіншіден, Ресейде туған азаматтардың бала-шағасына азамататтық беру дегеніңіз дербес бір мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғу болып саналады. Мысалы, Қазақстан заңдары бойынша қос азаматтыққа шектеу қойылған. Егер де біздің бір азаматымыз Ресейде босанып қалып жатса, сәбиге азаматтық берудің қажеті не? Ресей осы қадамы арқылы ТМД елдеріндегі қандастарын арандатуы мүмкін. Спикердің айтқан идеясы жүзеге асса, арамыздағы этникалық орыс азаматтардың желпінбесіне кім кепілдік береді. Біз шет елдегі этникалық қазақтарға мәдени-рухани тұрғыда қол ұшын созуға міндеттіміз. Бірақ, ол елдің азаматына қандай да бір жолдармен азаматтық бере алмаймыз. Сол секілді Ресей де өзге елдердің тәуелсіздігіне қол сұғуына, халықаралық тәжірибеде жоқ қадамдарға баруына негіз жоқ деп санаймын.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети