05 желтоқсан 2014 | 16:25

Ресей - Украина қақтығысы Қазақстанға 2015 жылдың ортасында кері әсер етеді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мағбат Спанов. Фото ©Ярослав Радловский Мағбат Спанов. Фото ©Ярослав Радловский

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың салдарынан негізгі экономикалық соққы Қазақстанға 2015 жылдың ортасында жетеді. Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріндегі профессор, экономист Мағбат Спанов Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, геосаяси және геоэкономикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар одан әрі шиеленісіп барады және алдағы уақытта Қазақстанға әсер етеді.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың салдарынан негізгі экономикалық соққы Қазақстанға 2015 жылдың ортасында жетеді. Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріндегі профессор, экономист Мағбат Спанов Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, геосаяси және геоэкономикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар одан әрі шиеленісіп барады және алдағы уақытта Қазақстанға әсер етеді.

"Ресей мен батысеуропалық елдердің экономикалық өсімі төмендеген сайын Қазақстанның әлеуметтік тұрақтылығы мен әлеуметтік көрсеткішіне кері әсер береді, себебі олар - біздің өнімді тұтынушылар (мұнай - Авт.). Мұнай бағасының арзандауы мен рубльдің құнсыздануы экономикамыздың жақын болашағына кері әсер етеді. Бұл процесс ұзақ мерзімді екені түсінікті. Нақты нәтиже бірден болмайды, белгілі бір уақыт өткенде болмаса. Менің ойымша, бұл 2015 жылдың бірінші жартысында болады, ал шарықтау шегіне келесі жылдың екінші жартысында жетеді деп ойлаймын", - деді Спанов.

Оның айтуынша, Ресей мен Украинаның арасындағы шиеленістің кесірінен Қазақстан төлем теңгерімі жағынан жапа шегеді, яғни бюджеттің кірісі азаяды. "Тиісінше үкіметтің әлеуметтік саясатқа жұмсайтын қаржысы азаяды", - дейді ол. Алайда сарапшының айтуынша Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың Қазақстан үшін пайдалы жақтары да бар. "Дағдарыс әрдайым жаңа экономикалық және технологиялық шешімдерді қабылдау үшін шапшаңдатқыш күшке ие". Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан экономикалық соққы алмауы үшін, экономист "бел бууға" кеңес берді және мемлекеттік бюджетті тиімді пайдаланып, ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру қажет.

Сонымен қатар Спановтың ойынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі дағдарыстан шығуға көмектеседі. "ЕАЭО, өкінішке қарай, өзіндік құны мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына ықпал ете алмады. Баға шарықтады. Енді ДСҰ тым болмаса тауарлардың кейбірінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп сенемін. Себебі біз соңғы реформалардың ешбірінен бағасы арзандаған тауар да, өнім де, қызмет түрлерін де көрген жоқпыз. Бұл қоғам түсінігіне кері әсер етеді", - деді экономист.

Саясаттанушы және шығыс зерттеушісі Расул Жұмалының да Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың Қазақстанға әсері жөніндегі пікірі Спановтыкіне ұқсас. "Қақтығыстың "ғажаптарын" қазірден-ақ сезініп жүрміз. Иә бастапқы санкциялар Ресейге қатысты болды, бірақ біз Ресейдің ең жақын көршілесі әрі одақтасымыз, сондықтан біздің экономикаға әсері болмай қоймайды. Бұл санкциялар ұзақ мерзімге екені белгілі. Олар нашарлай береді. Батыс елдері бастапқыда, санкция қабылдаған кезде негізгі соққы 2015 жылдың бірінші жартысында болады деп ұйғарған, себебі сол кезде ресейлік кәсіпорындар ішкі қарыздарын өтеуді бастайды. Сол кезде бізге санкцияның әсері білінеді. Біз қазірдің өзінде сезініп отырмыз, бірақ бұл одан әрі қиындайды", - дейді саясаттанушы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети